АЭС салуды референдумға шығару – маңызды оқиға
Атом электр станциясын салуды референдумға шығару – маңызды оқиға.
Саяси сарапшылар «AMANAT» партиясының ұйымдастырған «Талқылау» алаңында осылай деді. Бұған дейін Қоғамдық саясат институты сараптамалық сауалнама жүргізген. Оған елдің барлық өңірінен 600-ге жуық сарапшы қатысқан. Нәтижесінде олардың 75 пайызы қоғам үшін тиімді ұсыныстарды қолдаған. Сондай-ақ жиында электр станциясынан бөлек, «Ұлттық қор - балаларға» жобасы мен мемлекеттік сатып алу жүйесін өзгерту мәселелері талқыға салынды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз еліміз үшін маңызды оқиғаларды бірігіп өткіземіз. Мақсатымыз - қажетті заңдарды қабылдау. Себебі жаңа заңдар жаңа мәдениетті дамытудың институционалдық базасына айналады. Бұл жерде ең маңыздысы – мемлекет пен халықтың дұрыс қарым-қатынас орнатуы болып табылады.