Қазақстан-Катар ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Қатардың да экономикалық ынтымақтастығы артады.

Сенаторлар екі ел арасындағы инвестициялар жөніндегі заңды мақұлдады. Қазір еліміздің Қатармен 20 миллион доллар болатын 3 жоба жүзеге асып жатыр. Тағы 103 миллион долларлық 2 жоба қолға алынды. Бүгінде катарлық компаниялардың инвестициялық жобалар тізіміне 14 жоба кіреді. Оның жалпы құны 1 миллирд 356 миллион доллаға жетеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы Жолдауында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайтуды міндет етіп қойды. Осы мақсатқа жету үшін шетелдік инвестиция тарту мәселесіне баса мән беру қажет. Бүгін қаралған заңдар еліміздің Катар және Сингапур мемлекеттерімен осы саладағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейді. Келісімдер шеңберінде инвестицияларды қолдау шаралары, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбi және өзге де мәселелер реттеледі.