«Amanat» партиясының төрағасы азаматтарды қабылдады
«Ерекше балаларға арналған жеке инклюзивті инфрақұрылым бағасы өте қымбат.
Дамыту орталықтарында лицензия жоқ. Ал диагностикалық процедуралар кезегі үш айға созылады». Ерлан Қошановтың жеке қабылдауында болған астаналық келіншек осылай деп шағымданды. «AMANAT» партиясының Төрағасы бұл сын-ескертпелер партияның ерекше балаларға барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жасап жатқан жұмысында және заң шығару ісінде ескерілетінін айтты. Әрі ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау мәселесіне «AMANAT» партиясы әрдайым жіті назар аударады, деді. Мәселен, былтыр партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында дамуы кешеуілдеген балаларға арнап, 8 ерте араласу орталығы мен мектеп қабырғаларында 61 инклюзия сыныбы ашылған еді.