Үкімет басшысы Қостанайға барды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Үкімет басшысы аймақта «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысымен таныспақшы және шығармашыл жастармен кездеседі. Сонымен қатар машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралайды. Іс-сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министр өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізеді.