Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматыға барды

Премьер-министр Digital Almaty 2024 форумы мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатыспақ.

Шара барысында арнайы келген Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары цифрлық жобалар көрмесімен танысып, соңында үздіктерді марапаттайды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында делегаттар, сауда-саттық, көлік және логистика, цифрландыру, құжат айналымы салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыламақ.