«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы ауысты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы ауысты

Мемлекет басшысының өкімімен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.