Президент Әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.