Азамат Есқараев орнында қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Азамат Несіпбайұлы Есқараев, Туған күні: 07.10.1979
Туған жері: ҚазКСР; Алматы қаласы
Тілдерді меңгеруі:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы
Еңбек өтілі:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (21.07.2000-29.11.2000);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (30.11.2000-11.11.2001);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы, Астана қаласы (12.11.2001-27.06.2002);
- Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті бөлімінің бастығы (28.06.2002-09.06.2003);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Астана қаласы (10.06.2003-08.08.2003);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (09.08.2003-21.12.2003);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (22.12.2003-15.02.2005);
- Алматы қаласы Әкімінің бас инспекторы (2005-2006);
- «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері, Астана қаласы (2006-2007);
- Жеке еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық мәселелер жөніндегі консультанты, Астана қаласы (05.03.2007-27.03.2007);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласы (28.03.2007-23.07.2007);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (24.07.2007-24.07.2007);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі, Астана қаласы (07.2007-2008);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы (2008-2009);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, Астана қаласы (2009-2012);
- Ұйымдастыру-бақылау департаментінің – ҚР ЭҚСЖҚКА Инспекциясының бастығы (2012-2014);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы (2014-2019);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы (26.07.2019-04.01.2023);
- Қазақстан Республикасының Әділет министрі (04.01.2023 жылдан бастап)