Роман Скляр – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодарда туған.
Білімі:
Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы "инженер-құрылысшы".
Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институты, мамандығы "экономист".
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы "заңгер".
Еңбек жолы:
1989 ж. – "Екібастұзкөміравтоматикасы" монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы
1989-1990 жж. – "Вахинвест" БК-ның техника қауіпсіздігі жөніндегі инжеренері.
1990-2002 жж. – түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2002-2003 жж. – Павлодар облысының жағдайы жоқ борйышкерлерімен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім басшысы.
2003-2005 жж. – Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы.
2005 ж. – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2005-2006 жж. – аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жж. – Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 гг. – Астана қаласы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
2008-2010 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2010-2011 жж. – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі .
2014-2016 жж. – "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенті.
2016 жылдың мамыр-желтоқсаны – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылдың 23 желтоқсаны мен 18 қаңтары аралығы – Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр
2018 жылдың 18 қаңтары- 2019 жылдың 25 ақпаны – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі.
2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
2019 жылдың 18 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені, "Астанаға 10 жыл", "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медельдары, "Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі.