Н. М. Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған.
1988-1996 жылдары Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.
1996-2008 жылдары — Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, экономика басқармасының бас маманы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2008-2011 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2011-2015 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.
2015-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
2019-2021 жылдары — Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.
2021-2022 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2022-2023 жылдары — Жамбыл облысының әкімі.
2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.