М. Әшімбаев: Президент жүктеген міндеттер ерекше назарда болады
Президент жүктеген міндеттер депутаттардың ерекше назарында болады.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палата отырысында осылай деді. Ол алдымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы белгілеп берген әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты міндеттерге тоқталды. Қажетті заңнамалық шешімдерді Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп қабылдайтынын жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеп берген міндеттер депутаттардың ерекше назарында болуы керек. Палатаның іс-шараларын ұйымдастыру кезінде де жан-жақты ескеруіміз қажет. Сенат жүктелген міндеттерді іске асыруға қажетті заңнамалық шешімдерді Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп қабылдайды. Сондықтан барлық мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмысымызды жалғастыра береміз. Алдағы уақытта елімізді одан әрі дамыту жолында жаңа Үкіметпен бірге нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін.