Тоқаев Макронға тазының күшіктерін сыйлады
Франция астанасы Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді.
Асыл тұқымды иттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Президентіне берген сыйлығы. Эмманюэль Макрон былтырғы Астанаға сапарында тазының тұқымын ұнатып қалған көрінеді. Екі итті де француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сондай-ақ оларды тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді. Күшіктерге Жюль және Жанна деген есім берілген.