Президент табиғаттың тосын мінезіне тосылып қалмаған бір топ азаматқа алғыс білдірді
Табиғаттың тосын мінезіне тосырқамай, кәсіби міндетін қалтқысыз атқарған қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталады.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптадағы қолайсыз ауа райында халық қамы үшін жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғысын білдірді. Алда бірқатар әлеуметтік сала мамандарының бұл ерлігі бағаланатын болады. Олардың қатарында жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері бар.