А. Исағалиев: Қазақстан-Катар достық қатынаста
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға мемлекеттік сапарын тарихи деп бағалауға болады.
Сапар аясында тараптар Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық ортақ келісімге келеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы Қазақстанның Катардағы елшісі Арман Исағалиев хабарлады. Катар Республикасы еліміздің энергетика, коммуникация, банк және ауыл шаруашылығы саласына миллиардтаған АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын. Сондай-ақ елші қос ел көшбасшыларының қарым-қатынасы мен дипломатиялық байланысының қарқын алып, одан әрі нығая түсетінін атап өтті.
Арман Исағалиев, Қазақстанның Катардағы елшісі:
- Қос елдің Президенті алғаш рет 2019 жылы Тәжікстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде кездесті. Сол кезеңнен бастап ел көшбасшыларының дипломатиялық қатынасы қарқын ала бастады деуге болады. Міне, қазір қос Президент достық, бауырластық байланыста. Тараптар жыл сайын бас қосады. Әр 3-4 айда телефон арқылы қал-жағдай сұрасып тұрады. 2022 жылы олар мемлекеттік сапар аясында 4 мәрте, ал былтыр 3 рет кездесті.