Президенттің Қатарға мемлекеттік сапары аясында 4 мега жоба бойынша келісім жасалды
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Президенттің Қатарға мемлекеттік сапары аясында 4 мега жобаны жүзеге асыру үшін келісімге қол қойылғаны туралы айтты.
Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:
- Бұл 4 жоба Қазақстанның ірі жобаларын жүзеге асыруға және Қазақстанның газ саласын дамытуға бағытталған. Атап айтсақ, Ақтөбе-Қостанай магистралды газ құбыры салынатын болды. Бұл газ құбырының мақсаты - өңірлердегі халықтың газға қол жетуі және ірі жобалар, әсіресе, өндірістің газбен қамтамасыз етілуіне бағытталған. Және Қазақстанның оңтүстігі мен орталығына аса маңызды газ нысаны Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбыры мега жобасы және Қашаған кен орнында 2 газ өңдеу зауытын салу ға инвестиция жасауға қол қойдық. Бұл 2 газ өңдеу зауыты Қазақстанның газ ресурстық базасын арттырады.