Мемлекет басшысы Катарға алғашқы мемлекеттік сапарын жоғары бағалады
Президент өзінің инстаграм парақшасында маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтіп, екі тарап байланысты нығайта беретінін жеткізді.
ЦИТАТА:
Катарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз.