Қазақстан мен Катар қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісті
Қазақстан мен Катар қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсетуге келісті.
Құжатқа мемлекет басшысының Дохаға мемлекеттік сапарында қол қойылды. Келісім халықаралық қауіпсізідікті қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттің трансұлттық түрлерін тұсауға мүмкіндік береді. Мәселен, екі ел қылмыс жасаған немесе жасырынған адамдарды экстрадициялай алады. Бұл бағытта қос тараптың құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істейді.