Алматыда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланды
Ғылым мен технологияны ұштастыру керек.
Сарапшылардың айтуынша, бірқатар мәселені ескерген жөн. Атап айтқанда, ғылыми инфрақұрылымды жақсартып, технопарктер желісін дамыту қажет. Алматыда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқылау барысында осындай ұсыныстар айтылды. Жиынға Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшелері мен ғалымдар қатысып, ойларын ортаға салды. Ғалым мәртебесіне баса мән беру қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер қаржыдан тапшылық көрмеуі тиіс.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Шын мәнінде ғылым-білім саласына, біздің ғылымның бәсекеге қабілетті болуына қатысты алдағы 10 жылда, 20 жылда, ғылымды өрге домалататын заң жобасын жасап шығу. Ең басты нәтиже біздің ғылым саласына байланысты жаңа институт құрылып жатыр. Ғылым академиясы бар. Оның сапасы, оның жалпы ғылым саласына жауапты мекеме болады немесе ғылыми гранттар бойынша басқалар бойынша көптеген өзгерістер бар.