Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды.
Іргесі биік мектеп ашылғалы бері елдің қысқы чемпионаттары осы жерде өткізіліп келеді. Бүгінде орталықта 713 жас жаттығады. Олар былтыр 281 медаль жеңіп алды. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Президентке оқу-жаттығу жиындарын жыл бойы тұрақты түрде өткізу үшін орталықта барлық жағдай жасалғанын айтты. Сондай-ақ спорт серпілісіне сеп беретін бірқатар ұсыныс берді. Атап айтқанда, спортшы өңірде спорт медицинасы орталығын құру керек дейді. Осылайша Алтайдың әсем табиғатындағы оқу-жаттығу жиындарын емдеу-оңалту процедураларымен сабақтастыруға болады. Одан бөлек Президент спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.