Құмар ойындарына қарсы күрес жоспары әзірленіп жатыр
Жастар құмар ойынға қарсы.
Елде ойын бизнесімен күреске бағытталған жоспар әзірленіп жатыр. Осы құжатты дайындауға кейінгі толқын белсене атсалысуда. Бұл туралы мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтты. Басқосуда құмар ойын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастағаны және оның тұзағына көбіне жастар түсетіні сөз болды. Ал кеңес мүшелері қоғам мен мемлекеттік органдар бұл кеселге қарсы бірлесе күресу керек дейді. Отырыс соңында Ерлан Қарин Кеңес жұмысына да тоқталып, мұнда жастар мәселесі көтеріліп қана қоймай, шешіліп жатқанын айтты.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Сіздер бұл жұмыспен мақтан ете аласыздар, құрметті әріптестер. Сіздердің талқылағандарыңыз жай өтіп жатқан жоқ, бұл да бір әсерін тигізіп жатыр. Қолымыздағы құжат 25 пунктен тұрады, соның 15-і Кеңес мүшелерінің ұсыныстарының негізінде дайындалған. Бұл да жақсы емес пе, яғни ұжым ретінде команда ретінде үлкен құжаттың қабылдауына үлес қосып жатырмыз. Енді тағы бір күш салып жіберу керек.