Мемлекет басшысы Дархан Жазықбайды қабылдады
Сондай-ақ бүгін Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады.
Дархан Жазықбай агенттіктің атқарған жұмыстары жайында есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті: Ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тартып, үздік түлектерді төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау шаралары қабылданып жатыр. Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жоба таныстырылды. Нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артқан. Биылдан бастап e-Qyzmet іріктеу жүйесі барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.