Мәжіліске жаңа депутат келді
Бүгін Мәжіліске жаңа депутат келді.
Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының қаулысына сәйкес, тізім бойынша бос мандат Нұрсұлтан Байтілесовке берілді. Заң магистрі төменгі палатаның жалпы отырысында ант беріп, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. Ол 2020 жылы Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін.