Президент Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты
Физули қаласына жеткен Қазақстан мен Әзербайжан президенттері қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қираған жерлерді аралап көрді. Мемлекеттер басшыларына қаланы және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шаһардың жаңа келбеті: келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдар желісінің негізі қаланып, ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Сондай-ақ цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған. Қазір Физулиде 38 көпқабатты ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.