Премьер-министр Қытай елшісін қабылдады
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті.
Тараптар қос ел арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады. Үкімет басшысы мемлекеттеріміз арасында сауда-экономикалық әріптестік өсіп келе жатқанын атап өтті. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30%-ке өсіп, 31,5 млрд долларға жетті. Қытай Халық Республикасы біздің елге 1,4 млрд доллар инвестициялады. Қазіргі уақытта 45 бірлескен қазақ-қытай жобасы іске асып жатыр. Осы жылдың 2 айында контейнерлік тасымалдау көлемі 2,6 есе өсті.