Қ. Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Сот жүйесін одан әрі реформалау маңызды екенін айтты. Асламбек Мерғалиев мемлекет басшысына сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтілген, нормативтік қаулылар жетілдіріліп, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түскен. Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы елімізде алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артқанын жеткізді.