Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды
Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 2009 жылы енгізілді.
2010 жылғы 23 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне 140-тан астам елдерден 678 нысан кіреді. Бұл ұлт жадынан жоғалып кету қаупі бар салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтаудың жолы. Басты мақсаты адамдар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақты қолдай отырып, адами құндылықтарды дәріптейтін салт-дәстүрлерді сақтауға бағытталған. Бұл ұлттық құндылықтар ұмытылмау үшін қажет.
Эльнара Байназарова, Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігінің баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі:
- Былтыр ғана қазақтың ортеке ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енген болатын. Наурыз мерекесі 2009 жылы енген. Бізде Наурыз, басқа елдерде Неврус, Новрус, Наврус болып әртүрлі аталғандықтан жалпы мағынасы Жаңа күн дегенді білдіреді. Кезінде Наурыз мерекесі тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азия елдері, Кавказ елдері Таяу Шығыс және де Балқан халықтары атынан осындай ұсыныс жасалып, енген болатын.