Тоқаевқа тарту етілген тазының фотосы мен видеосы жарияланды

Тоқаевқа тарту етілген тазының фотосы мен видеосы жарияланды

Былтыр Наурыз мерекесінде Мемлекет басшысына сыйға берілген тазының суреті мен видеосы жарияланды.

Асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бір жарым айлық, тазы күшігін сыйға тартқан еді. Наурыз атты күшік қазір 1 жас 4 айға толған. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 асыл тұқымды құмай тазысы бар. Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Президент бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнататындығы да атап өтілген. Айта кетейік, елімізде қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында арнайы заң қабылданды.