Қазақстан - Қатар Үкіметтері келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Қатар Үкіметтері құны 17,6 млрд доллар болатын инвестициялық жобаларды іске асыруды бастады.
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Дохаға барып, осы мәселеге қатысты бірқатар келіссөз жүргізді. Үкіметаралық кездесуде, екі мемлекет басшылары қол жеткізген уағдалас-тықтардың орын-далуы қаралды. Қазақстан тарапы Қатар нарығына халал ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін жеткізді. Қос елдің кәсіпкерлері ынтымақтастық орнатуды бастап кетті. Келіссөзде ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды. Ірі инвестициялық жобалардың ішінде газ өңдеу зауыттарын салу, электр және су электр стансасы бар. Одан бөлек, бидай, бұршақ және сүтті терең өңдеу зауыттары мен, елді газбен қамту мәселесі қамтылған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- ҚР Үкіметі барлық бағыт бойынша жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтқым келеді. Жаңа ғана біз Әмір мырзамен кездестік. Өте жылы кездесу болдыдеп ойлаймын. Және өзіңізбен жақсы әңгімелестік. Барлық бағытты терең талқыладық деп айтуға болады.