Канадалық сарапшылар: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңызды
Канадалық сарапшылар Президент Қасым-жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен үшінші ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне өз бағасын берді.
Олар Қазақстанның Еуразия құрлығы үшін маңызды транзиттік хаб екенін атап өтті. Ал Канада үшін Қазақстан – Орта Азиядағы ірі экономикалық серіктес, – дейді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша 2022 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық 800 млн доллардан асты. Саяси, экономикалық, энергетикалық қауіпсіздік, мәдени, білім, әлеуметтік саладағы екіжақты тиімді ынтымақтастық жылдан жылға нығайып келеді. Сол себепті де канадалық сарапшылар Қасым-жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзін мұқият зерделепті.
Улле Баум, Diplomat magazine Ottawa басылымының редакторы:
- Президент Токаевтың жақында Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі дер кезінде жасалған мәлімдеме дер едім. Ұлттық құндылықтарға назар аударып, халықты ұлттық бірегейлікті сақтауға және қазақ тілінде көбірек сөйлеуге шақырды. Бұл Қазақстан халқы үшін өте маңызды.
Сонымен қатар сарапшылар көпұлтты Қазақстан халқын жаңарудың белгісі – Наурыз мерекесімен құттықтап, тілектерін жолдады.
Эндрю Разилиус, Canadian Global Affairs институтының аға ғылыми қызметкері:
- Мен Қазақстанды келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мейрамын, көктемнің келуін қуанышты, берекелі өткізуді тілеймін.
Сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы саясатын қолдайды және ұлттық киім киюге ынталандыру позитивті қадам деп санайды.
Авторлары: Айжан Сыдықова.