Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваны қабылдады.

Кездесу барысында Алматының мәдени өмірімен қатар елде классикалық музыканы дамыту келешегі қарастырылды. Президент музыка қайраткерінің шетелді мойындатқан кәсібилігі мен талантын атап өтті. Өз кезегінде Жәмила Серкебаева музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты.