Мемлекет басшысы Константинос Комбосты қабылдады
Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев, елдер арасындағы берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды. Сондай-ақ Президент, Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Бұл қадам дипломатиялық байланыстың жаңа кезеңіне жол ашады, - деді. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Оған қоса, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.