Қазақстан-Кипр байланысы нығаяды

Қазақстан мен Кипр арасындағы саяси байланыс жаңа белеске шығады.

Қос елдің Сыртқы істер министрлері Астанада өткен кездесуде маңызды бірқатар ұсынысты талқылады. Соңғы 20 жылда елімізге Кипрден 4 млрд доллардан астам инвестиция тартылған. Өз кезегінде Қазақстаннан ол елге 1,5 млрд доллар шамасында қаржы құйылды. Сауда-экономикалық қарым-қатынас одан әрі күшеймек. Енді озық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және көлік-логистика сияқты маңызды салаларды бірлесе дамытуға айрықша мән беріліп отыр.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Қазақстан-Кипр бизнес қауымдастығы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асырып, биік белестерге шығады деген пікірдеміз. Осы орайда сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін іскерлік делегациялармен алмасуды жалғастыру және әр қарай талқыланатын болады, әрине. Екіжақты үкіметаралық комиссия құру мүмкіндігін қарастырамыз.