Ерлан Қошанов ресми сапармен Швейцарияға барды

Мәжіліс төрағасы Швейцария Конфедерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды 24KZ.

Оның аясында Ерлан Қошанов Бернде Швейцария Федералды жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті. Мәжіліс спикері кездесуде Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін және Қазақстанның Швейцариямен құқықтық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ  комитеттер мен партиялық фракциялар арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту жолдары мен сауда-экономика, көлік-логистика, экология, білім беру мен ғылым салаларында серіктестікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.