Президент Қытайға барады
Мемлекет басшысы БО-АО Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев көрші ел басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.