Қ. Тоқаев тасқыннан зардап шеккен өңірге барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады.

Жұмыс сапары 4 сәуірге жоспарланған. Мұны Президентінің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Жазбада сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны жазылған.