Елордада ШЫҰ қауіпсіздік кеңесінің хатшылары кездесті
Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердегі Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары бас қосты.
Бұл тараптардың 19-шы мәрте кездесуі. Жиынға Қазақстан атынан Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Келелі кеңестің күн тәртібінде терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тетіктері талқыланды. Сондай-ақ, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына және киберқауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы іс-қимылдар туралы айтылды.
Ғизат Нұрдәулетов, ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:
- Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Еуразия құрлығында бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ұйымның қызметі теңдік қағидаттарына негізделген және халықаралық мәселелердің өзекті аспектілері бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге бағытталады. Бүгін бізбен кездесуде қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда жаһандық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып тұр.