Президент: Тек ресми ақпаратқа сүйену қажет
Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шара жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруы тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтар мен блогерлер жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпаратты таратпауы қажет. Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде Мемлекет басшысы осылай деді. Президент билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекет жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ халықты ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.