Мемлекет басшысы: Су тасқынынан сабақ алу қажет

Мемлекет басшысы су тасқынынан сабақ алып, қорытынды шығару керек екенін қадап айтты.

Алдағы уақытта жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, тасқынға тосқауыл болудың жаңа тетіктерін қарастыруды тапсырды. Соның бірі – су шаруашылығы мамандарын көбейту. Сондай-ақ табиғатқа немқұрайлы қарамауға шақырды.    

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Апаттардың алдын алудағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.