Қырғызстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров 18-ші сәуір күні Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Маңызды саяси іс-шара алдында Премьер-Министр Олжас Бектенов Бішкекке барып, қырғыз әріптесімен кездесті. Басқосуда тараптар алдағы келіссөздерде қарастырылатын мәселелерді де талқылады.
Үкімет басшыларының кездесуі Ала-Арча резиденциясында өтті. Тараптар екіжақты тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізу жолдарын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын нақты жобаларға көңіл бөлінді. Қазақстан қазірдің өзінде жалпы құны 260 миллион долларға тең 195 тауар бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Оның ішінде өнерәкісіп, тамақ, мұнай-химия, құрылыс, фармацевтика салалары мен сауда-логистика жобаларының әлеуеті зор.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мемлекет басшылары екі ел арасындағы одақтастық әріптестікті дамыту мен тереңдетуге ерекше мән береді. Негізгі мақсатымыз жоғары деңгейде қойылған міндеттерді іс жүзінде толық және тиімді жүзеге асыру. Ағымдағы жылы біздің іс-қимылымыз екіжақты форматта да ортақ интеграциялық бірелстіктер шеңберінде де жаңа оң нәтижелерімен ерекшелеріне сенімдімін. Жалпы Қазақстан үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін барлық мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын.
Олжас Бектенов қырғыз тарапын ауыл шаруашылығы саласына ерекше ден қоюға шақырды. Осы мақсатта тауар жеткізуді ұлғайту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша шаралар қабылдау көзделіп отыр. Сондай-ақ ол мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы нысандарының жұмыс тәртібін бекіту мәселесіне тоқталды. Екі ел шекарасында жүк өткізу мүмкіндігін арттыру бойынша да біраз жұмыс жасалуы тиіс.
Акылбек Жапаров, Қызрғызстанның министрлер кабинетінің төрағасы:
- Біз екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған барлық екіжақты бастамаларды қолдауға дайынбыз. Қазір Қазақстандағы бірнеше аймақта су тасып, халық көп жапа шегіп жатқаны бізді де күйзелтеді. Ахуал көп ұзамай тұрақталып, мемлекет оның салдарын тез еңсереді деген сенімдеміз.
Басқосуда тараптар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапарына дайындықты пысықтады. Екі ел басшылары Жоғарғы мемлектаралық кеңестің отырысына қатысады. Жиында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстандағы қырғыз киносы күндерінің ашылуы мен тағы бірнеше шараға қатысады.