О. Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға дейін ұлғайтылмақ.
Бұл туралы Үкімет басшысының Қырғызстанға жұмыс сапары аясында белгілі болды. Олжас Бектенов Қырғыз президентіне Мемлекет басшысының сәлемін жеткізіп, Қазақстан Үкіметі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерді жұмсайтынын атап айтты. Жиында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған нақты жобаларға назар аударылды. Сондай-ақ тараптар білім, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің мемлекет басшылары қойған міндеттердің барлығын толық көлемде іске асыруға және қазақ-қырғыз ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге дайындық мәселесі нақтыланды
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Ағымдағы жылы біздің іс-қимылымыз екі жақты форматта да, ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де жаңа оң нәтижелермен ерекшеленетініне сенімдімін. Жалпы Қазақстан үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін барлық мақсаты бірлесіп атсалысуға дайын.