Қазақстан Еуропа Кеңесі ПА көктемгі сессиясына қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты.
Сапар барысында олар ассамблея төрағасы Теодор Руссопулоспен кездесіп, әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, демократия мен заң үстемдігі мәселелерін талқылады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екі жақты қарым-қатынастың 20 жылдығына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Жанат Эрнст, тілші:
- Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің институттары, оның ішінде Парламенттік Ассамблея 20 жылдан бері тығыз қарым қатынас орнатқан. Мерейтойға арналған арнайы іс-шарада тараптар адам құқығын сақтау мен заң үстемдігінің орындалу принциптері бойынша өзара пікір алмасты.
ЕКПА-дағы әріптестерімен кездесуде сөйлеген сөзінде Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары тараптардың берік және сындарлы қарым-қатынасты дамытқанын атап өтті. Сондай ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың барысы туралы айтып берді.
Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Еуропа Кенесінің Парламенттік Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Парламентінің арасындағы қойылған келісім шартка биыл 20 жыл толды. Ол келісім шарт демократияны, адам құқығын және заң үстемдігің көздейді, соның аясында күрделі көп жұмыстар жасалды елімізде. Оған қазір бөлек назар ауыдарылды осы іс-шарада. Оған болса әйел мен бала құқығы жайлы зорық зомбылыққа қарсы тақырып бойынша арнайы қазір Стамбулдық Конвенция бар ғой.
Бүгінгі танда біздің заңдылығымыз Стамбулдық Конвенциясына 70 пайызына сәйкес келгендігі аңықталды. Негізі елімізде болған зорлық зомбылыққа қарсы қабылданған заңды еуропалық елдердің депутаттарына көрсеттік. Сонымен осы істелінген іс-шаралар ертенгі Парламенттік ассамблеямен қарым қатынасымызды нығайтады деген үміттеміз.
Тиберио Грациани, "Vision&Global Trends" талдау орталығының жетекшісі:
- Қазақстан жаңа реформаларды енгізуде керемет жетістікке жетті. Олар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді. Демократия мен адам құқықтарын сақтау саласында көп жұмыстар атқарылды. Әлемдегі жаңа көп полярлы жүйені дамыту аясында Қазақстан аймақтағы көшбасшы ретінде белсенді рөл атқаратын болады. Егер ортақ логистика мен инфрақұрылымды дамытсақ, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестік тұрақты болады. Маңызды инфрақұрылымдық жобаның мысалы – Орта көлік дәлізінің әлеуеті.
Еуропа Кенесінің депутаттары қазақстандық әріптестермен байланыстарды жандандыруды және парламентарлық дипломатияны нығайтуды көздейді. Олар Қазақстанның демократиялық бағыты – конституциялық өзгерістерді, өлім жазасын алып тастауды, Парламенттегі әйелдер санын арттыруды және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ролін күшейтуді қолдайтындықтарын білдірді. Еуропалық парламентшілер «Қазақстанның адам құқықтары, демократия және Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық саласындағы жетістіктері» атты декларацияға қол қойды.
Жовс Немент, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының депутаты:
- Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 22 мүшесі осы Декларацияға қол қойып, Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға күш салуға уәде берді. Бұл біздің қарым-қатынастарымызды қайта бастау болып есептеледі. Өйткені бізде бүгінгі танда жаңа сапаға айналып отырған жиырма жылдық ынтымақтастық тарихы бар. Мен екі тарапты да құттықтаймын және қарым-қатынастарымыз одан әрі тереңдей берсін деп тілеймін.
Жанат Эрнст, тілші:
- Тараптар Еуропа Кеңесінің 2024-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен жаңа тату көршілік ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы әріптестіктің одан арғы қадамдарын белгіледі.
Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов