Ерлан Қарин қазақ-қырғыз жастары форумының қатысушыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Қарин
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында өтіп жатқан қазақ-қырғыз жастар форумына қатысушылармен кездесті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жастарының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві, жастар кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ креативті индустрияны құру үшін дарынды жастарға қолдау көрсету сияқты жас ұрпақтың мүддесін ескеретін жобалар мен бағдарламалар соның айқын дәлелі. Кездесу соңында Ерлан Қарин қырғыз жастарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.