Қазақ-неміс ынтымақтастығы артады
Қазақстан мен Германияның байланысы жан-жақты артады.
Қос тарап әсіресе агроэнеркәсіп, тау-кен кешенін бірлесе дамытуды көздейді. Бұл жайында "Астана" халықаралық қаржы орталығында өткен Берлин Еуразиялық клубының 40-мерейтойлық отырысында айтылды.
Іс-шараға Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр, Германия экономикасы Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қатысты.
Германия еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Неміс тарапы да әріптестік байланысты жоғары бағалайды. Соңғы жылдары Қазақстан Германияның 50 жетекші сыртқы сауда серіктесінің біріне айналды.
Мерейтойлық отырыс аясында Роман Скляр жетекші 15 неміс компаниясының басшыларымен кездесіп, әріптестікті тереңдету жайын талқылады.