Берлин Еуразиялық клубының мерейтойлық кездесуі өтті

Катрина Клаас Мюльхойзер Берлин Еуразиялық клубының 40 жылдық мерейтойлық отырысына да қатысты.

Жиында Қазақстан-Германия ынтымақтастығын дамытудың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімді іске асыру және ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен әріптестіктің жай-жапсары сөз болды. Германия қазіргі таңда тасымалдау және өндіріс тізбектерінің тұрақтылығын арттыру мақсатында өзінің сыртқы экономикалық байланыстарын әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда Қазақстан Федералдық үкіметтің мақсаттарына қол жеткізуде негізгі серіктестердің бірі бола алады, – деді Катрина Клаас Мюльхойзер.