Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі беріледі.
Бұл жайлы мемлекет басшысы мәдениет саласының майталмандарын марапаттау рәсімінде мәлімдеді. Президент жиында ұлттық өнерімізді ұлықтап, халық мұрасын насихаттап жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, атаулы салагы қолдауға қатысты байырқалы бастамаларға тоқталды. Алда еліміздегі үш музейге ұлттық мәртебе берілетінін айтты. Ал Қазақ ұлттық драма театрының ғимараты толықтай қайта жаңғыртылады. Жөндеу жұмыстары өнер орталығының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, яғни 2026 жылы аяқталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Былтыр Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдадық. Бүгінде мемлекет осы маңызды саланың инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән береді. Тек соңғы үш жылда ел аумағында 700-ден астам ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 168 жаңа нысан салынды. Мәдениет және өнер мекемелерін жабдықтау деңгейі біртіндеп жақсарып келеді. Соңғы отыз жылда алғаш рет бейінді оқу орындары мен мемлекеттік концерт ұйымдарына музыкалық аспаптар сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінді.