Қазақстан «Орталық Азия + Италия» конференциясына қатысты

Римде Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосты.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген сыртқы саяси мекеме басшылары өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық саясатқа қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Конференцияға Италия сыртқы істер министрі Антонио Таяни де қатысып, терроризм, есірткі трафигіне қарсы күрес, көлік, логистика және жасыл энергетика салалары бойынша өзара іс-қимылды арттыру шараларын сөз етті. Мұнан бөлек басқосу аясында су ресурстарын басқаруға бағытталған тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды. Қазақстандық делегация басшысы – Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бұл бағыттағы іс-шаралардың халықаралық саясаттың маңызды факторына айналғанын атап өтті. Ал сарапшылар болса, соңғы жылдары Орталық Азияның геоэкономикалық және геостратегиялық маңызы айтарлықтай өскенін айтады. Соның нәтижесінде жаһандық Шығыс пен жаһандық Батыс аймақтары арасында жаңа байланыс қарқын алуда.

Козимо Грациани, тәуелсіз сарапшы:

- Меніңше, бұл кездесу Италия мен Орталық Азия үшін өте маңызды. Римнің өзге бес елмен халықаралық ынтымақтастығын айқындайды. Келешекте Италияның өңірлермен экономикалық байланысын күшейте түседі. Әсіресе біз инвестиция көп құятын Қазақстан сияқты елдермен логистика, жасыл энергетика саласындағы байланысты нығайтады. Еліміздің Қазақстанмен ынтымақтастығында маңызды рөл атқаратын тағы бір ауқымды сала – мәдениет пен білім беру жүйесі екенін атап өткім келеді.