Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігі талқыланды
АҚШ астанасында екіжақты стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында кеңейтілген комиссияның алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Басқосуда Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Дональд Лумен кездесті. Тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады. Энергетика және критикалық минералдар саласындағы ынтымақтастықты арттыруға көңіл бөлінді. Инфрақұрылымдық жобалар мен көліктік бағыттарды дамыту жағы қозғалды. Стратегиялық әріптестік жөніндегі Қазақстан-Америка комиссиясының келесі отырысы 2025 жылы Астанада өтеді.