В. Путин: Қазақстан мен Ресей арасында берік ынтымақтастық бар

Қазақстан мен Ресей расындағы өзара берік ынтымақтастық одан әрі беки түседі.

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда ақпарат өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Ресей басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынасын ерекше атап, еліміздің солтүстік аймағын газбен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Айтуынша, газды Ресейден тарту әлдеқайда оңай әрі арзан. Сондай-ақ екі ел арасындағы ортақ шекараның маңызына тоқталды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік пен сауда-экономикалық қатынастың маңызы зор. Әрі бұл байланыс жылдан-жылға нығайып келеді. Нақтырақ айтсам, екі елдің сауда айналымындағы көрсеткіш жоғары. Сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ғарыш саласында да бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Арадағы сенімді әрі берік қатынас одан ары жалғасын табады деген үміттемін.