Олжас Бектенов пен Юн Сок Ёль қазақ-корей жобаларын талқылады

Бұған дейін мәртебелі мейман Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёльдің келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіп, энергетика, авиация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге назар аударылды. Таяуда қол қойылған келісімдерді ескере отырып, кореялық компаниялардың қатысуын одан әрі кеңейту және ірі корпорациялардың өндірісін локализациялау жөнінде сөз болды.