Президент АӨСШК бас хатшысын қабылдады

Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысының осы ұйымға Қазақстанның төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. Қайрат Сарыбай форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Президент кеңестің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.